Қазақстан 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын қабылдайды

Қазақстан 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын қабылдайды

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанның Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Азия Олимпиадалық кеңесіне (OCA) сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қабылдаушы қала ретінде Алматыны бекіту жөніндегі ресми келісімге 5 ақпанда Италияның Милан қаласында қол қойылады деп күтілуде.

Бастапқыда Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған еді. Алайда қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі турнирдің кейінге шегерілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, соңғы Қысқы Азия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өткен болатын.

Қысқы Олимпиадада: Қазақстандық спортшылардың күнтізбесі жарияланды

Алматы фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңін қабылдай алмайтын болды

Қазақстандық спортшы тау шаңғысынан Германияда өткен FIS турнирінде үздік ондыққа енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или