Серік Сәпиев спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі атанды

Серік Сәпиев спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі атанды

Серік Сәпиев Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бағыты бойынша үйлестірушісі қызметін атқарады.

Бұл шешім 2024 жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында қарастырылған ротация тетігі аясында қабылданған.

Айта кетейік, Серік Сәпиев — бокстан Олимпиада чемпионы және Қазақстан спортының дамуына үлес қосып жүрген танымал спорт қайраткері.

Бұған дейін ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Алайда орынбасары Дәурен Есімхановпен арада туындаған жағдайдан кейін, екі тарап та атқарып отырған лауазымдарынан өз еркімен кеткен болатын.

Танымал футбол бапкері бақилық болды

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады

Ресми: World Boxing ұйымына тағы төрт мемлекет қосылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или