Шавкат Рахмонов UFC рейтингіндегі орнын жоғалтты
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов UFC рейтингіндегі орнын жоғалтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы (welterweight) жаңартылған ресми рейтингінен тыс қалды. Ұйым мәліметінше, бұл шешім оның жақында алған жарақатына байланысты қабылданған.
Қазақстандық жауынгер жақында ғана оң аяғына ота жасатқанын мәлімдеген еді. Осыған байланысты 9-10 ай октагонға шыға алмайды.
Осылайша, ұйым соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізген Рахмоновты рейтингтен уақытша шығару қажет деп саналды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатқан болатын.
Асу Алмабаев жарақатына байланысты пікір білдірді
Алмабаев — Морено жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или