Асу Алмабаев: Мен жекпе-жектен ешқашан бас тартқан емеспін
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев ұйымның бұрынғы чемпионы, мексикалық Брэндон Мореномен жекпе-жегінен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алайда қазақстандық (23-3) файтер спарринг кезінде қолынан жарақат алып, айқастан бас тартуға тура келген.
«Жарақат айтып келмейді. Мен жекпе-жектен ешқашан бас тартқан емеспін — қарсылас кім болса да, жағдай қандай болса да. Дайындығым өте жақсы деңгейде өтіп жатқан еді. Алайда болған іске болаттай берік болсаң да, жағдайды өзгерту мүмкін емес», - деді Алмабаев.
Осыған байланысты Асу Алмабаев мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) өтетін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Сонымен қатар файтер бұл жағдай оның мансабына нүкте қоймайтынын атап өтті.
«Алда әлі бес жекпе-жегім бар, келісімшарт ұзартылды. Көрермендерді алда әлі талай қызықты айқас күтіп тұр», - деп қосты ол.
Айта кетейік, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено арасындағы жекпе-жек 28 ақпанда Мексиканың Мехико қаласында өтетін UFC турнирінің басты кездесуі болуы керек еді.
Асу UFC жеңіл салмақ рейтингінде жетінші орында, ал бұрынғы чемпион Брэндон Морено бесінші орында тұр.
Қазақстандық «Бойка» OCTAGON 84 турнирінде жеңіліп қалды