73 жастағы танымал қазақстандық бапкер дүниеден өтті

73 жастағы танымал қазақстандық бапкер дүниеден өтті

73 жасында Рудный қаласына кеңінен танымал футбол маманы, МСК «Горняк» командасының аға жаттықтырушысы, қала, облыс және өңірлік деңгейдегі футбол жарыстарын ұйымдастырушылардың бірі Евгений Дмитриевич Сластников өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евгений Дмитриевич бүкіл ғұмырын футболға арнады. Ол дарынды ойыншы, білікті жаттықтырушы әрі мықты ұйымдастырушы болды. Рудный қаласында бұқаралық және аула футболының дамуына, «Былғары доп» турнирінің қайта жаңғырып, өркендеуіне, сондай-ақ тұрақты түрде өтетін қала және облыстық жарыстардың ұйымдастырылуына зор үлес қосты.

Денсаулығына байланысты ауыр сынақтарға қарамастан, ол соңғы күндеріне дейін өз ісіне адал болып, қала мен өңірде футболдың дамуы жолында еңбек етуді жалғастырды.

Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады

«Каспий» жолдастық кездесу де молдовалық команданы жеңді

«Тұран» шабуылшысы көрші елдің чемпионатына ауысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или