Тау шаңғысынан FIS турнирі: Александрa Скороходова үздік ондықтан көрінді

Тау шаңғысынан FIS турнирі: Александрa Скороходова үздік ондықтан көрінді

Қазақстан құрамасы тау шаңғысы спортынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жарыста ел намысын Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады. Сондай-ақ олар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында сегізінші орынға тұрақтады. Ал супер гигантта қазақстандық спортшы алтыншы орынға ие болды.

Ерлер арасында Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсуде екі мәрте бақ сынап, 12 және 15-орындарға жайғасты. Ал супер гигантта 23-ші нәтиже көрсетті.

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қысқы Олимпиадада: Қазақстандық спортшылардың күнтізбесі жарияланды

Алматы фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңін қабылдай алмайтын болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или