Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 19-24 ақпан аралығында Минскте (Беларусь) өтетін Даму Кубогы халықаралық турнирінде ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді.
Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан мен Минск құрамасы.
Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Тәжікстан және Минск құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U16, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей командаларынан тұрады.
Даму Кубогы-2026 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):
19 ақпан (бейсенбі)
12:30 Минск құрамасы U17- Қазақстан U17 14:50 Әзербайжан U17 - Ресей U17 17:10 Беларусь U16 - Өзбекстан U17 20:00 Беларусь U17 - Тәжікстан U17
20 ақпан (жұма)
13:00 Минск құрамасы U17 - Тәжікстан U17 15:20 Әзербайжан U17 - Өзбекстан U17 17:40 Беларусь U16 - Ресей U17 20:00 Беларусь U17 - Қазақстан U17
21 ақпан (сенбі)
13:00 Қазақстан U17 - Тәжікстан U17 15:20 Ресей U17 - Өзбекстан U17 17:40 Беларусь U16 - Әзербайжан U17 20:00 Беларусь U17 - Минск құрамасы U17
23 ақпан (дүйсенбі)
12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны
14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны
16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны
19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.
«Реал» трансферлік саясатын өзгертуі мүмкін
Ла Лига: «Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті(видео)