Алмабаевтің жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды

Алмабаевтің жекпе-жегі неге өтпей қалғаны белгілі болды

Асу Алмабаев (23-3) Мехикода өтетін турнирінде өнер көрсетпейді деген ақпарат расталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жектің өтпей қалуына қазақстандық файтердің жаттығу кезінде қолын сындырып алуы себеп болған.

Бұл ақпаратты Dar Team бас бапкері Эдуард Базров растады.

Айта кетейік, «Зульфикар» мен Морено кездесуі Мексикадағы UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болады деп жоспарланған. Егер кездесу өтсе Асу мұндай турнирдің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық файтер болар еді.

Алмабаев октагонға қашан оралатыны кейінірек белгілі болады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или