Николай Веретенников АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 266 турниріндегі қазақстандық файтер Николай Веретенниковтың (13-7) жаңа қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыласы америкалық файтер Нико Прайс (16-9) болады. Веретенников бастапқыда бразилиялық Жозе Энрике Соузамен (8-1) жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ ол уақытында виза ала алмады.
Николай Веретенников пен Нико Прайс арасындағы жекпе-жек 8 ақпан, жексенбі күні таңертең өтеді. Қазақстандық файтердің кейінгі жекпе-жегі қазан айында өтті, онда ол америкалық Пунаэла Сорианодан (12-4) төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Келесі қарсыласына келетін болсақ, Прайс маусым айында жекпе-жек өткізіп, екінші раундта отандасы Джейкоб Смиттен (11-0) жеңіліп қалған.
Қазақстандық файтер OCTAGON лигасының чемпиондық белбеуін жеңіп алды