Еркін Оқасов Алматы қаласында жас балуандармен кездесті
Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов Алматы қаласындағы іс-сапарында Шаңырақ шағынауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжін аралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Спорт кешенінің материалдық-техникалық базасымен танысып, жаттығу үдерісін бақылап, спортшылармен кездесті. Кездесу аясында спортшыларды даярлау сапасы, жаттықтырушылар құрамының жұмысы, сондай-ақ алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық мәселелері талқыланды. Еркін Оқасов инфрақұрылымды дамыту мен өңірлік оқу-жаттығу базаларын қолдаудың маңызын атап өтті.
Қазақстан күрес федерациясы ұлттық құраманың резервін қалыптастыруға бағытталған спорттық нысандармен жүйелі жұмысты жалғастырады. Мұндай базалар елдегі күрес спортының тұрақты дамуына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге негіз болады.
Айта кетейік, Шаңырақ шағынауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі РММ-нің директоры лауазымына 2025 жылтоқсан айында танымал балуан, грек-рим күресінен әлемнің бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев тағайындалған.
Қазақстандық бұрымды балуандар халықаралық турнирде үш жүлде еншіледі
Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирге қатысады
Қазақстандық балуандардың әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды