World Boxing ұйымына жаңа бас хатшы тағайындалды

World Boxing ұйымына жаңа бас хатшы тағайындалды

Том Дилен Лос-Анджелес 2028 Олимпиада Ойындары бағытында жұмыс істеу мақсатында World Boxing ұйымының жаңа бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дилен ашық іріктеуден өтіп, 2026 жылдың ақпан айында жұмысқа кіріседі. Ол халықаралық бокс федерациясының Лозаннадағы кеңсесінде жұмыс істеп, Атқарушы кеңеске және World Boxing президенті Геннадий Головкинге есеп береді.

Бельгия және Швейцария азаматы Том Диленнің Олимпиадалық спорт саласында 30 жылға жуық басқарушылық тәжірибесі бар. Ол 2005–2025 жылдар аралығында World Archery ұйымының Бас хатшысы болған. Бұған дейін ол Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікте (WADA) және Халықаралық садақ ату федерациясында (FITA) жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

«Дилен мырзаның халықаралық спорттағы тәжірибесі біздің ұйымның міндеттері мен үмітіне толық сай келеді. Бұл тәжірибе жұмысымызды күшейтіп, ұйымның болашақтағы дамуына ықпал ететініне сенімдімін», - деді World Boxing президенті Геннадий Головкин.

Том Дилен өз кезегінде: «World Boxing ұйымының Бас хатшысы ретінде Олимпиадалық қозғалыста жаңа кезеңге кірісетініме өте қуаныштымын. Президент Головкин мырзамен алғашқы байланыстан-ақ өзара жақсы түсіністік орнады. Осы мүмкіндік үшін оған және Басқармаға алғыс білдіремін».

Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады

Ресми: World Boxing ұйымына тағы төрт мемлекет қосылды

Бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или