Ербол Мырзабосынов бірқатар өңірлерді сынға алды

Ербол Мырзабосынов бірқатар өңірлерді сынға алды

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кейбір өңірлердің олимпиадалық және паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алмағанына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Министр бұл туралы Астанада өткен ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

«Соңғы олимпиадалық және паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы бірде-бір жолдамаға қол жеткізе алған жоқ. Бұл бойынша жұмысты күшейтіп, тиісті шараларды қабылдау қажет. Осылай 20 өңір лицензия ала алмаса, біз қалай халықаралық аренада нәтижеге қол жеткізе аламыз? Осыған байланысты өңірлік дене шынықтыру және спорт басқарламалары спортшылардың сапалы дайындығын қаматамасыз ету, ұлттық спорт федерацияларына қысқа мерзімде ХХ жазғы Азия ойындары бойынша нақты медальдық міндеттемелерді министрлікке ұсыну тапсырылсын. Ұсынылған міндеттемелердің орындалуы жеке жауапкершіліке алынады», - деді ол.

Айта кетсек, Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті. Онда дене шынықтыру және спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2025 жылғы қызметі мен 2026 жылға қойылған негізгі міндеттер талқыланды.

Қысқы Олимпиадада: Қазақстандық спортшылардың күнтізбесі жарияланды

Қазақстан нысана көздеуден Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық каратэші жүкті күйінде күміс жүлде алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или