Нысана көздеуден Азия чемпионаты: Қазақстан турнирге толық құрамда аттанды

Нысана көздеуден Азия чемпионаты: Қазақстан турнирге толық құрамда аттанды

4 ақпанда Үндістан астанасы Делиде нысана көздеуден Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтеді. Аталған додаға құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. 

Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген сынға түседі. Назарыңызға Қазақстан ересектер құрамасының тізімін ұсынамыз: 

  • Ерлер:
    Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Никита Шахторин (винтовка);
    Валерий Рахымжан, Эльдар Иманқұлов, Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Кирилл Цуканов, Артемий Кабаков (тапанша);

  • Әйелдер: 
    Арина Малиновская, Елизавета Безрукова, София Шульженко (винтовка);
    Сәуле Әлімбек, Валерия Попелова, Нина Старова (тапанша); 

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері - Ольга Довгун. Сары құрлық бәсекесі 13 ақпанда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, былтыр нысана көздеу мен стенд атудан Азия чемпионатын бірге еліміздің Шымкент қаласы қабылдаған. Ол кезде барлық жас санатын қосқанда Ұлттық құрама 21 алтын, 24 күміс пен 25 қола медаль иеленіп, жалпы есепте 2-орын алған.

Қысқы Олимпиадада: Қазақстандық спортшылардың күнтізбесі жарияланды

Қазақстандық каратэші жүкті күйінде күміс жүлде алды

Алматы фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңін қабылдай алмайтын болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или