Eurasia Jastar Cup Kazakhstan 2026: Қазақстан U18 құрамасының нақты тізімі белгілі болды
Халықаралық Eurasia Jastar Cup Kazakhstan 2026 турниріне қатысатын Қазақстан U18 құрамасының нақты тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бапкерлер штабы тізімге барлығы 23 ойыншы енгізген:
Қақпашылар: Давид Зиновьев («Торпедо», Өскемен), Кирилл Мыльников («Барыс», Астана), Елисей Плотников («Авангард», Омбы)
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Кирилл Задорожный, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Дэнир Өтеев («Барыс», Астана), Макар Винтовкин («Кармет», Темиртау), Артём Гасников («Торпедо» Өскемен), Святослав Евплов («Спартак-МАХ», Москва), Ярослав Челбаевский («Ақтөбе», Актобе);
Шабуылшылар: Тарлан Абдуллин, Әділжан Әміржанов, Таир Бигаринов, Богдан Залевский, Егор Кравченко, Рауан Қайыржан, Әділхан Саттар, Жахангер Тілеухан («Барыс», Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо», Өскемен), Матвей Желтоножко («Авангард», Омск), Михаил Коленко («Лада», Тольятти), Абдуррахим Қыдырбай, («Астана», Астана), Дінислам Төлеген («Авангард», Омск).
Айта кетейік, Eurasia Jastar Cup турнирі 2-5 ақпан аралығында Астанада өтеді. Турнирге Қазақстан U18 командасы, Беларусь U17, Ресей U16 және әйелдер құрамалары қатысады.
17 жастағы қазақстандық талант Канада чемпионатында гол соқты
Қазақстандық хоккейші Польша чемпионатында нәтижелі матч өткізді