ЧЛ: «Тұранның» қарсыластары белгілі болды
Түркістанның «Тұран» командасы әйелдер арасындағы Чемпиондар Лигасында еліміздің намысын қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орталық Азия әйелдер Чемпиондар Лигасының тұңғыш турнирі 4-10 ақпан аралығында Мальдив астанасы Мале қаласында өтеді.
Фавориттердің бірі «Тұран» турнир қожайындары «Вамко» және шри-Ланкалық «Хирдарамани» командаларымен бірге «А» тобына түсті.
«В» тобына қазақстандық клубтың басты қарсыласы ирандық «Фулад», Өзбекстанның «Хумосы», непалдық«Непал Полис» және жергілікті «Хураа Комьюнити» кірді.
Ережеге сәйкес, әр топтан алғашқы екі клуб сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяның Гоян қаласында өтетін AVC Чемпиондар Лигасындағы бір орынға таласатын плей-офф кезеңіне өтеді.
«Тұранның» топтық кезеңдегі ойындар кестесі:
4 ақпан – «Хирдарамани»
6 ақпан – «Вамко».
Еске сала кетейік, «Тұран» желтоқсан айының соңында Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Чемпиондар Лигасына жолдама алды.
Волейболдан Қазақстан кубогында күтпеген нәтиже тіркелді
«Астана» алғашқы ойында «Тобылды» жеңді
Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды