Джон Дуран «Зенит» қатарын толықтыруы мүмкін

Джон Дуран «Зенит» қатарын толықтыруы мүмкін

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» шабуылшысы Джон Дуран «Зенитке» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат мәліметі бойынша, клуб 22 жастағы колумбиялық шабуылшыны сатып алу үшін белсенді түрде келіссөздер жүргізуде. Шабуылшының өзі «Зенитке» жалда ойнауға келіскен көрінеді.

Дуран қазір «Фенербахче» клубында жалда ойнап жүр. 

«Әл-Наср» бір жыл бұрын «Астон Виллаға» футболшы үшін 77 миллион еуро төлеген. 

Осы маусымда шабуылшы ыстамбұлдық клуб сапында барлық жарыстарда 20 ойын өткізіп, бес гол соғып, екі голдық пас берді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушы Нұралы Әліп «Зенит» сапында ойнайды.


Роналду командасының келесі матчына қатыспауы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или