Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Богдан Вехов шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медальға қол жеткізді. деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы ұлттық құрама қоржынына жүлдені Богдан Вехов салды.

Отандасымыз 1000 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Вехов 1:24.177 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесіп, қола жүлдегер атанды.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Соджун (1:23.802) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Юйхэн Лиге (1:23.903) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы эстафеталық жарыста үшінші орынға ие болған еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или