WTA рейтингі: Рыбакина үшінші орынға көтерілді

WTA рейтингі: Рыбакина үшінші орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) әлемдегі ең үздік ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-да ресми түрде әлемнің үшінші нөмірлі ойыншысы атанды.

Қазіргі уақытта Қазақстан үздігінің еншісінде 7610 ұпай бар. Рыбакина 7978 ұпаймен әлемде екінші орындағы ойыншы Ига Швентекке айтарлықтай жақындады.

Айта кету керек, Елена бұған дейін 2023 жылы WTA рейтингінде үшінші орынға дейін жеткен.

Арина Соболенко (10 990 ұпай) бірінші орында қалды. 

Мансабында алғаш рет Мельбурн ашық чемпионатының үшінші айналымына шыққан қазақстандық Юлия Путинцева рейтингте 24 орын жоғарылап, 70-ші орынға көтерілді.

Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңіліске ұшыраған қазақстандық Зарина Дияс 282-ші орында тұр.


Бубликтің әлемдік рейтингтегі орны анықталды

Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғысын білдірді

Қазақстанның үздік теннисші Абу-Дабидегі турнирден бас тартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или