ҚХЛ: «Амур» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
Дүйсенбі, 2 ақпанда «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусым матчында Хабаровсктің «Амурымен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Хабаровскте өтеді және Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:15-те басталады. «Амур» мен «Барыс» командаларының арасындағы матчтың тікелей эфирін Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ойын алдында«Барыс» 40 ұпаймен (53 ойын) Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орында тұр. 43 ұпаймен (51 ойын) «Амур» тоғызыншы орында.
Айта кетейік, командалар 31 қаңтарда матч өткізіп, ресейліктер буллит сериясында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық команда соңғы бес матчтың барлығында жеңілді.
Елордалық ұжым бүгін де ұтылса, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін азаяды.
Қазақстандық хоккейші Польша чемпионатында нәтижелі матч өткізді