Роналду клубтың басшылығына наразы болып отыр

Роналду клубтың басшылығына наразы болып отыр

Португалия жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы лигасында алдағы «Эр-Риядқа» қарсы матчтан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

A Bola басылымының хабарлауынша, Роналдудың бойкоты Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) клубты басқару тәсіліне наразылығынан туындаған. Команданың спорттық саясатына және инвестиция жетіспеушілігіне, әсіресе трансферлік нарықта әлдеқайда белсенді «Әл-Насрдың» басты қарсыласы «Әл-Хилалмен» салыстырғанда клуб басшылығы әлдеқойда селқос екеніне Кришианудың көңілі қалған көрінеді.

Жақында Сауд Арабиясының лигасында «Әл-Холудқа» қарсы (3-0) матчта 40 жастағы шабуылшы кәсіби мансабындағы 961-ші голын соғып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или