Сержан Сапарғалиев OCTAGON 84 турнирінде жеңіліп қалды
Қазақстандық жеңіл салмақтағы «Бойка» лақап атымен танымал Сержан Сапарғалиев (6-8-1) OCTAGON 84 турнирі аясында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлесіміздің қарсыласы жеңіліп көрмеген өзбек файтері Парвиз Насруллаев (4-0) болды.
Тартысқа толы жекпе-жек толық үш раундқа созылды және төрешілер шешімімен Парвиз Насруллаев жеңіске жетті.
OCTAGON 84 турнирінің басты кездесуінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Қайсар Жауғашар (6-0) мен жеңілмеген өзбек файтері Сардорбек Рузиев (4-0) арасындағы уақытша жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек өтеді.
Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы, танымал өзбек файтері Шахзод «Gold» Узоков та турнирде MMA-дағы дебюттік кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы әзербайжандық файтер Мухаммадали Нурусов (1-0) болады.
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 84 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 84 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Хангелді Серікхан OCTAGON 84 турнирінде жеңіске жетті