Хангелді Серікхан OCTAGON 84 турнирінде жеңіске жетті
Ташкентте өткен OCTAGON 84 турнирі аясында жеңіл салмақта 20 жастағы қазақстандық файтер Хангелді Серікхан жергілікті спортшымен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы 22 жастағы, жеңіліп көрмеген өзбекстандық файтер Бахтиёр Бахромов болды. Кездесу толық үш раундқа созылып, екі спортшы да ымырасыз әрі өте тартысты айқас көрсетті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Хангелді Серікхан жеңіске жетті.
Айта кетейік, осы OCTAGON 84 турнирінде Еркебұлан Тоқтардың келесі қарсыласы саналатын өзбекстандық файтер Шахзод «Gold» Узоков ММА-дегі дебютін өткізеді. Оның қарсыласы Әзербайжаннан келген болашағынан үміт күттіретін файтер Мухаммадали Нурусов болады.
Ал жекпе-жек кешінің басты айқасы ең жеңіл салмақта уақытша чемпион белбеуі үшін өтеді. Бұл кездесуде жеңіліп көрмеген қазақстандық Қайсар Жауғашар мен өзбекстандық Сардорбек Рузиев күш сынасады.