Испаниялық теннисші тарихи жетістікке жетті
Әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық теннисші Карлос Алькарас Australian Open–2026 турниріндегі жеңісі үшін 2,89 миллион доллар көлемінде сыйақы алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 ақпан күні өткен финалда Алькарас сербиялық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы Новак Джоковичті 2:6, 6:2, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Новак Джокович Мельбурндегі өнері үшін 1,5 миллион доллар табыс табады.
Australian Open–2026 турниріндегі бұл жеңіс Карлос Алькарас үшін мансабындағы жетінші «Үлкен дулыға» титулы болды. Осылайша ол 22 жас 272 күнінде мансаптық «Шлемді» толықтырған тарихтағы ең жас теннисші атанды. Бұған дейін бұл рекорд 88 жыл бойы сақталып келген еді, соңғы рет 1938 жылы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алған Дон Бадж осындай жетістікке қол жеткізген.
Елена Рыбакина жанкүйерлерге алғысын білдірді
Қазақстанның үздік теннисші Абу-Дабидегі турнирден бас тартты