26 жастағы, бойы 191 см болатын форвард кәсіби мансабында Болгарияда «Лудогорец», ЦСКА 1948, «Локомотив» (София), «Спартак» (Варна) клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол Ресейдің «Рубин» командасында ақылы жалға ойнап, ФНЛ-2022/2023 маусымында 11 матч өткізген. Бұдан бөлек, Тәжікстанның «Истиклол» клубында да доп тепкен.
2025 жылдың шілде айынан бастап Димитар Митков «Ботев» командасының ойыншысы болды, алайда қаңтардың басында клубпен қоштасты. Болгария чемпионатының 2025/2026 маусымындағы жоғары дивизионда ол 12 матч өткізіп, үш гол соққан.
Transfermarkt порталының дерегінше, футболшының қазіргі нарықтағы құны 300 мың еуроға бағаланады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионы атанған 2023 жылғы «Ордабасы» клубы Митковтың трансферін әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.