Қазақстандық файтерге тағы да ота жасалды

Қазақстандық файтерге тағы да ота жасалды

Жеңіліп көрмеген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов 2026 жылдың басым бөлігінде октагонға шыға алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

MMA Fighting басылымына файтердің менеджері Даниэль Рубенштейн растағандай, 31 жастағы спортшы жарақат алған тізесіне тағы бір операция жасатып, тоғыз-он айға қатардан шығып қалды.

Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, ирландиялық Иан Гарриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.

Шавкат Рахмоновтың жарақатына қатысты мәлімет белгілі болды

Шавкат Рахмонов ота жасатқаннан кейін жаңа мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или