Give Me Sport мәліметінше, клубта қазіргі құрам, қаржылық мүмкіндік және турнирлік жағдайды ескере отырып, чемпиондықтан өзге кез келген нәтиже сәтсіздік ретінде бағаланады деп есептейді. Команда турнир кестесінде көш бастап тұрғанымен, соңғы ойындар басшылықтың алаңдаушылығын күшейткен.
АПЛ-дегі соңғы төрт турда «Арсенал» небәрі бір ғана жеңіске жетті. Лондондықтар «Ливерпуль» және «Ноттингем Форест» командаларымен тең ойнап, өз алаңында «Манчестер Юнайтедтен» 2:3 есебімен жеңілді. Бұл нәтижелер бапкерлер штабына түсіп отырған қысымды арттырды.
Соған қарамастан, 31 қаңтар күні «Арсенал» 24-тур аясында «Лидс Юнайтедті» жеңіп, сәтсіз серияны тоқтатты. Қазір 24 матчтан кейін лондондық клуб 53 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысында тұр.
«Реал» трансферлік саясатын өзгертуі мүмкін
«Реал Мадрид» - «Райо Вальекано» матчының тікелей трансляциясы