Идрис Умаевтың соңғы клубы «Ақтөбе» болды. Ол бұл командада 2023 жылғы маусымның басынан бері өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде шабуылшы барлық турнирде 65 матч өткізіп, 11 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген. «Қызыл-ақтардың» құрамында ол екі рет Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанып, ел Кубогын жеңіп алды.
Бұған дейін Идрис Умаев «Ахмат», «Енисей», «Чайка» және «Химки» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ Литваның «Паланга» командасында және Қарағандының «Шахтёр» клубында өнер көрсеткен.
Айта кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Каспий» Бірінші лигада сенімді жеңіске жетіп, Қазақстан Премьер-Лигасына қайта оралды.