Қызылордалық клуб жаңа маусымда қатаң қаржы саясатын ұстанады

Қызылордалық клуб жаңа маусымда қатаң қаржы саясатын ұстанады

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы ішкі нарықтағы қымбат трансферлерден бас тарту туралы шешім қабылдап, алдағы маусымға қатаң қаржылық саясат қалыптастырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ASnews.kz мәліметінше, клубта жалақыға қатысты шектеу енгізілген. Енді ойыншылардың айлық еңбекақысы бес миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл талаптан тек тәжірибелі нигериялық жартылай қорғаушы Виктор Мозес қана тыс қалған. Ол «Қайсармен» бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Ойыншы жалақыны төмендетілген шартпен қабылдағанымен, оның айлығы командадағы ең жоғары жалақыдан бәрібір асып түседі.

35 жастағы Виктор Мозес бұған дейін «Челси», «Ливерпуль» және Мәскеудің «Спартак» клубтарында өнер көрсеткен. Осы себепті ол «Қайсардың» ең мәртебелі жаңа ойыншысы саналады.

Өткен маусымда «Қайсар» тек қазақстандық футболшыларға сенім артқан болатын. Ал жаңа чемпионатта команданы отандық маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады.

«Қайраттың» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды

«Арсенал» - «Қайрат» матчына бейнешолу

«Қайрат» Лондонда «Арсеналдан» жеңілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или