Мадридтік клуб Витиньяға қызығушылық танытып отыр
Мадридтің «Реал» клубы «ПСЖ» жартылай қорғаушысы Витиньяны сатып алу үшін 20 жастан асқан футболшыларға қомақты қаржы төлемеу қағидатынан бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz
Алайда португалиялық ойыншының трансфері бойынша келіссөздер жүргізу барысында «корольдік клуб» белгілі бір қиындықтарға тап болуы ықтимал. Бұл туралы испаниялық AS басылымы мәлімдеді.
Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі таңда «Реал» болашақта қатарын толықтыруы мүмкін бірнеше жас футболшыны бақылауда ұстап отыр. Соның ішінде мадридтік клубтың ерекше назарын Нидерландтың «АЗ Алкмар» командасында ойнайтын 20 жастағы орталық жартылай қорғаушы Кес Смит аударып отыр.
Сонымен қатар «Реал» басшылығы заманауи футбол талаптарына сай келетін жаңа ойыншылармен құрамды күшейту қажеттігін жақсы түсініп отырғаны атап өтілді.