Бапкер файтердің қазіргі күйін түсіндірді

Бапкер файтердің қазіргі күйін түсіндірді

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші тұрған Шавкат Рахмонов Naiza 80 турнирінде балдақпен көрініп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы жағдайға байланысты DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров спортшының денсаулығына қатысты пікір білдірді.

— Шынымды айтсам, қалай болса солай айтайын, қазір аяқта әлі де мәселе бар. Жарақат дұрыс жазылмай жатыр, сондықтан фиксатор кигіздік, — деді бапкер.

Сондай-ақ Шавкаттың жақын арада октагонға оралуы мүмкін еместігін де растады.

— Иә, әзірге оралу туралы айтуға болмайды, — деп нақтылады Эдуард Базров.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, Иан Гарриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. 2025 жылдың көктемінде қазақстандық файтер тізесіне операция жасатып, бастапқыда өткен жылдың соңы немесе осы жылдың басында оралуды жоспарлаған.

Алайда қалпына келу барысындағы қазіргі қиындықтар Шавкат Рахмоновтың камбэгін белгісіз мерзімге шегеріп отыр.

Қазақстан тумасы UFC 325 турнирінде нокаутпен жеңілді

Шавкат Рахмонов 2026 жылы да жекпе-жек өткізбеуі мүмкін. Себеп белгілі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или