Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Солт-Лейк-Сити қаласында (АҚШ) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или