Корней Корнеев Канадада өз командасының жеңісіне үлес қосты

Корней Корнеев Канадада өз командасының жеңісіне үлес қосты

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Квебек жасөспірімдер хоккей лигасының матчында гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Викториявиль Тигрес» командасындағы қазақстандық Корней Корнеев голдық пас беріп, өз командасының жеңісіне үлес қосты.

Ойын 3-2 есебімен қазақстандық шабуылшы ойнайтын командасының пайдасына аяқталды.

«Викториявиль Тигрес» қазіргі уақытта Квебек жасөспірімдер хоккей лигасының Шығыс дивизионында жетінші орында. Корнеевтің командасы 46 ойыннан кейін 41 ұпай жинап отыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или