Қазақстандық қақпашы еуропалық чемпионатта командасын капитан ретінде матчқа алып шықты

Қазақстандық қақпашы еуропалық чемпионатта командасын капитан ретінде матчқа алып шықты

Әзірбайжан Премьер-лигасының 18-ші турында «Сабах» сырт алаңда «Зирямен» (3-1) ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сабах» алғашқы 27 минутта үш гол соғып, матч тағдырын шешіп тастады. Алаң иелері жауап ретінде екінші таймда бір доп қана соқты.

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов капитандық белбеу тағып, жеңімпаздар қақпасында 90 минут бойы ойнап, төрт сейв жасады.

Әзірбайжан чемпионатының 18-ші турынан кейін «Сабах» 43 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді. 29 ұпаймен «Зиря» бесінші орында.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан «Карабах» 36 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.


«Тұран» шабуылшысы мансабында Қырғызда жалғастырады

«Қайраттың» Чемпиондар лигасында қанша пайда тапқаны белгілі болды

«Арсенал» - «Қайрат» матчына бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или