Қазақстан тумасы UFC 325 турнирінде нокаутпен жеңілді
Әзірбайжанның атынан шығатын Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (13-4) Австралияның Сидней қаласындағы Qudos Bank Arena-дағы UFC 325 турнирінде бразилиялық файтер Маурисио Руффимен (12-2) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Жоғары деңгейдегі жекпе-жек аяғына дейін созылмады. Руффи екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Маурисио өзінің мансабындағы 13-ші жеңісіне жетті, ал Физиев MMA-дағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Басты шайқаста аустралиялық файтер Алекс Волкановски (27-4) мен бразилиялық Диего Лопес (27-7) кездеседі.
Шавкат Рахмонов 2026 жылы да жекпе-жек өткізбеуі мүмкін. Себеп белгілі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или