Шавкат Рахмонов тізесіне ота жасатты

Шавкат Рахмонов тізесіне ота жасатты

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тағы да ұзақ уақытқа қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Ариэль Хельвани жазды.

«Жағымсыз жаңалық:

Шавкат Рахмонов тізесін қайта жарақаттап, жақында ота жасатты, деп хабарлады оның менеджері Дэнни Рубинштейн.

Бұрын жарақаттаған тізесі тағы мазасын алды.

Шавкат 9-10 ай бойы октогонға шыға алмауы мүмкін», - деп жазды Хельвани әлеуметтік желіде.

Кеше Рахмонов Алматыда өткен Naiza League турниріне балдақпен келген еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или