Салах АПЛ-де тарихи рекорд орнатты
31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні өткен Англия Премьер-лигасының 24-туры аясында «Ливерпуль» «Ньюкаслды» жеңіп, ерік-жігерінің арқасында үш ұпайға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде мерсисайдтық клубтың жұлдызды египеттік вингері Мохамед Салах нәтижелі пас авторы атанды. Осылайша ол Англия Премьер-лигасының тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты.
Салах АПЛ тарихында бір қарсыласқа қарсы матчтарда 10 немесе одан көп гол соғып, 10 немесе одан көп нәтижелі пас берген алғашқы футболшы атанды. Бұл рекорд «Ньюкасл» командасына қарсы ойындарда тіркелді.
Мохамед Салахтың АПЛ-дегі «Ньюкаслға» қарсы көрсеткіші:
— 19 матч
— 10 гол
— 10 нәтижелі пас
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или