Елена Рыбакина қатарынан үздік 10 теннисшіні жеңген элиталы спортшылардың қатарына кірді
Қазақстандық теннисші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында әлемдік рейтинг көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы спортшы шешуші матчта қарсыласын 6:4, 4:6, 6:4 есебімен ұтып, Уимблдон–2022 турнирінен кейінгі екінші «Үлкен дулыға» атағын иеленді.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Елена Рыбакина XXI ғасырда WTA рейтингінің топ-10 ойыншыларына қарсы қатарынан 10 жеңіске жеткен алтыншы теннисші атанды. Бұған дейін бұл көрсеткішке Жюстин Энен, Серена Уильямс, Винус Уильямс, Амели Моресмо және Ига Швентек қол жеткізген.
Осылайша қазақстандық теннисші әлемдік аренадағы өз орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или