«Реал» Чемпиондар лигасында 9,2 млн еуро жоғалтты

«Реал» Чемпиондар лигасында 9,2 млн еуро жоғалтты

Мадридтің «Реал» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің қорытындысы бойынша 9,2 миллион еуро көлеміндегі табыстан қағылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік команданың негізгі кезеңдегі жалпы сыйақысы 39 миллион еуроны құрады. Оның ішінде турнирге қатысқаны үшін 18,62 миллион, бес жеңіс үшін 10,5 миллион, турнир кестесіндегі тоғызыншы орын үшін шамамен 9 миллион және 1/16 финалға шыққаны үшін 1 миллион еуро төленді.

Алайда «Ливерпуль», «Манчестер Сити» және «Бенфикадан» алған жеңілістер «корольдік клубты» қосымша 6,3 миллион еуро табыстан айырды. Сонымен қатар соңғы турда үшінші орыннан тоғызыншы орынға сырғығаны үшін «Реал» тағы 1,9 миллион еуро жоғалтты. Ал 1/8 финалға тікелей шығу мүмкіндігі клубқа қосымша 1 миллион еуро әкелер еді.

Сондай-ақ, егер мадридтік команда плей-ин кезеңінде «Бенфикаға» жол берсе, тағы 11 миллион еуро табыстан қағылуы мүмкін екені атап өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или