Петр Ян алтыншы операциясын өткергенін айтты

Петр Ян алтыншы операциясын өткергенін айтты

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік файтер Петр Ян жақында жасатқан операциясы мансабындағы алтыншысы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін спортшы бел омыртқасына ота жасалғанын және бірнеше айға қатардан шығатынын хабарлаған еді. Янның сөзінше, ол бұған дейін төрт рет тізесіне операция жасатқан. Оның екеуі менискке, екеуі айқаспалы байламға қатысты болған. Сонымен қатар шынтағына және енді беліне ота жасалған.

Петр Ян әлеуметтік желідегі жазбасында жарақаттарға қарамастан, спорттан кетпегенін атап өтті. Оның айтуынша, егер сол кезде тоқтаған болса, бүгінгі деңгейіне жете алмас еді.

Айта кетейік, Петр Янның келесі қарсыласы UFC-дің бұрынғы чемпионы, грузиялық Мераб Двалишвили болуы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или