Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің чемпионы атанды
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина Ашық дәуірде (1968 жылдан бері) алғашқы екі «Үлкен дулыға» турнирін хард пен шөп жабындысында жеңіп алған алтыншы теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
31 қаңтар күні Australian Open–2026 турнирінің финалында Рыбакина төрт дүркін «Үлкен дулыға» жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенканы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, хардтағы алғашқы мэйджор титулын иеленді.
Осы көрсеткішке дейін мұндай жетістікке Амели Моресмо, Линдсей Дэвенпорт, Мария Шарапова, Мартина Хингис және Винус Уильямс қол жеткізген.
Айта кетейік, 2022 жылы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінде жеңіске жетіп, шөптегі «Үлкен дулығадағы» алғашқы чемпиондық атағын алған болатын.