Йован Пайович «Жетысу» сапына қосылады
Черногориялық қорғаушы Йован Пайович Қазақстанның «Жетысу» клубымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы футболшы бұған дейін Черногорияның «Морнар Бар», «Младость Лье» және «Езеро» клубтарында, сондай-ақ Мальтаның «Биркиркара» командасында ойнаған.
Қазақстанда Пайович «Қайсар» және «Тұран» клубтарының киімін киген. Өткен маусымның жартысын ол «Ұлытау» командасында өткізді. Ол мұнда 11 матчқа қатысып, 1 гол соққан болатын
Айта кетелік, футболшының трансферлік құны шамамен 150 мың еуро деп бағаланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или