Қазақстан құрамасының капитаны Сұлтан Асқаров клуб ауыстырды
Қазақстан жастар құрамасының капитаны және «Қайрат» ойыншысы Сұлтан Асқаров келесі маусымды қызылордадағы «Қайсарда» жалға алынған түрде өткізетін болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сұлтан Асқаров өткен маусымды Талдықорғанның «Жетысу» клубында өткізді. 18 матчта ол сенімді ойын көрсетті. Дереккөздерге сүйенсек, 22 жастағы футболшы келесі маусымды «Қайсар» сапында жалға алынған түрде ойнайды. «Қайрат» оны негізгі құрамға қосу мүмкіндігін қарастырғанымен, қызылордалық клуб ұсынған шарттар тиімді болып шықты.
Айта кетелік, «Қайсар» клубы осы маусымда үлкен қадам жасады, атап айтқанда командаға бұрынғы «Челси», «Ливерпуль» және «Интер» ойыншысы Виктор Мозес қосылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или