Ауыр атлетика: «Боксшылар сияқты зілтеміршілерге де тауда жаттығу қажет»

Ауыр атлетика: «Боксшылар сияқты зілтеміршілерге де тауда жаттығу қажет»

Қазақстан ауыр атлетикасы допинг дауынанан кейінгі ең ірі жобалардың бірін іске асырмақ. Астана ауыр атлетикадан 2028 жылғы әлем біріншілігін қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

2028 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Астана қаласында өтеді. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы өкілінің сөзіне сүйенсек, халықаралық деңгейдегі додаға дайындық аясында ауыр атлетикаға маманданған жеке дара академиялық орталықтың құрылысы жоспарланып отыр.

«2028 жылы Астана ауыр атлетикадан әлем біріншілігін қабылдайды. Оған дейін ауыр атлетикадан жеке дара академиялық орталық салу жоспарда бар» деді Дархан Қосантай Есен Елеукен ютуб арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар мамандар спортшылардың физикалық және функционалдық дайындығын арттыру үшін жаңа тәсілдерді енгізуді ұсынып отыр. Атап айтқанда, боксшылар секілді зілтеміршілерге де таулы аймақтарда, табиғи ортада жаттығу жиындарын өткізу аса маңызды екені айтылды.

«Боксшылар сияқты зілтеміршілерге де дайындықты арттыру үшін таулы аймақтарда, табиғат аясында жаттығу жиынын өткізу аса қажет» деді Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан ерлер құрамасының менеджері.

Айта кетелік, 2025 жылы Астанада өтеді деп күтілген жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанға берілген болатын. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или