Валиева: «Спорттан шеттетілуімнің ақыры сенімсіздікке әкелді»

Валиева: «Спорттан шеттетілуімнің ақыры сенімсіздікке әкелді»

Дисквалификациядан кейін алғаш рет мұзға шығатын Камила Валиева бұл маусымда нәтижені емес, өз жағдайын басты орынға қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Допингке байланысты төрт жылға шеттетілген ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева дисквалификация аяқталғаннан кейін алғаш рет ресми турнирде өнер көрсетпек. Ол жеңіс пен алқаны мақсат тұтпайтынын ашық айтты.

«Бұл маусымда мен тайталасқа түскім келмейді, тіпті қарсыластармен жарысып әуре болмаймын да. Қазір мені тек өзім және өз жағдайым, күш жігерім, сезімдерім ғана толғандырады» деді Валиева.

Спортшы Ресей ішілік секіру чемпионатында жеке өзі, онан соң Марк Кондратюкпен жұптық сында да өнер көрсетеді. Ол жарысқа шыққанмен, денесінің өзі білер мықты күйге әлі де кірмегенін жеткізді. 

«Шыны керек, “үш-үш” каскадын жақын уақытта орындай алмаймын деп ойладым. Бірақ біртіндеп жинап жатырмыз. Бұл менің топ-формам емес»  деді ол.

Валиева спорттан шеттетілуінің ақыры сенімсіздікке әкелгенін жасырмады. 

 «Екі жыл жарыссыз жүргеннен кейін сенімділік туралы айту қиын. Әр элемент мен үшін тәуекел немесе үміт» деп жауап берді ресейлік спортшы. 

Айта кетелік,  Ресей чемпионатының секіру турнирі 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді. Ал 25 желтоқсанда Валиеваның допингке байланысты төрт жылдық дисквалификация мерзімі ресми түрде аяқталған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или