Алматылық «Қайрат» Лондондағы «Челси» базасында тәжірибе жинады

Алматылық «Қайрат» Лондондағы «Челси» базасында тәжірибе жинады

 Қазақстандық «Қайрат» клубы Лондон маңындағы Кобхэмде орналасқан «Челсидің» жаттығу базасына барды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин айтқандай, олар алдағы күндері лондондық клубтың базасында тағылымдамадан өтеді.

«Қайрат» өкілдері «Челсидің» спорттық құрылымымен, оның ішінде скаутинг жүйесімен, футбол үдерістерін операциялық басқарумен, рекрутинг және менторлық жүйесімен танысты» деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қос клубтың қақпашылары мен медициналық мамандары арасында жеке кездесулер өткізіп, ойыншыларды жарақаттан кейін және жоғары жүктемеден соң қалпына келтіру әдістерімен алмасқан. 

Айта кетелік, 28 қаңтарда «Қайрат» сырт алаңда Лондонның «Арсеналына» қарсы ойнап, 2:3 есебімен жол берген болатын. 









Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или