Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің жартылай финалында жеңілді

Қазақстандық теннисші Australian Open турнирінің жартылай финалында жеңілді

Қазақстандық теннисші Занғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 12-орында) Австралия ашық чемпионатының жасөспірімдер арасындағы жекелей сында жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда 17 жастағы қазақстандық теннисші америкалық Китон Хэнспен (8-орын) кездесіп, қатарынан 3-6, 2-6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатының жекелей турнирінің жартылай финалына шыққан тарихтағы алғашқы қазақстандық теннисші болды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или