Ресейде қазақстандық файтерге жаңа қарсылас бекітілді
6 ақпанда Мәскеу қаласында өтетін ACA 200 ММА турнирінде қатысушылар құрамында өзгерістер орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
34 жастағы қазақстандық Артем Резниковқа (26–10) қарсылас ретінде 28 жастағы ресейлік Магомед Сулумов (13–4) таңдалған болатын.
Әйткенмен жекпе-жекке бір апта қалғанда Сулумовты оның отандасы, 30 жастағы Юсуп-Хаджи Зубариев (13–3) алмастыратыны белгілі болды.
Айта кетелік, ресейлік спортшы қазақстандықтарға есе жібермеген, екі жеңісті қанжығалап кеткені бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или