Қайсар Жауғашар өзбек файтерімен көз түйістірді
Ташкент қаласында Орталық Азияның жауынгерлік лигасы OCTAGON 84 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушылардың дәстүрлі көз түйістіруі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Қайсар Жауғашар (6-0) өзбекстандық қарсыласы Сардорбек Рузиевпен (4-0) бетпе-бет кездесті. Рузиев те ММА-да әзірге жеңіліс дәмін татпаған.
Айта кетелік, Жауғашар мен Рузиев 1 ақпанда OCTAGON лигасының аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или