Ержан Еренқайыпов допинг дауына ілікті
Қазақстандық дзюдошы Ержан Еренқайыпов (-66 кг) халықаралық алаңнан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мәлім етті.
Еренқайыпов кәсіби мансабында 2023 жылы Азия кубогының ашық турнирінде жеңіске жеткен. Соңғы маусымда барлық халықаралық жарыстарда жеңіліс тауып, тек қана Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде алған еді. Енді IJF рейтингіндегі тізімнен қазақстандық спортшы аты-жөні алынып тасталды.
Айта кетелік, Еренқайыповтың допингке ілігуі Қазақстан дзюдосының халықаралық аренадағы беделіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или