Алексей Железняков: «Олимпиадада ресейлік спортшыларға бірде-бір қателік жасауға болмайды»

Алексей Железняков: «Олимпиадада ресейлік спортшыларға бірде-бір қателік жасауға болмайды»

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросян 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медальға басты үміткер саналады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Танымал хореограф Алексей Железняков сөзіне сүйенсек, Аделия Петросянның Италияда өтетін Олимпиадада алтын үшін күресуге толық мүмкіндігі бар. 

«Аделия алтынға бас үміткер. Әйткенмен соңғы жағдайларға байланысты бәрі мінсіз болуы керек. Кішкентай ғана қателіктің өзі ресейліктер үшін зор қауіпті, нәтижеге қатты әсер етіп кетуі мүмкін. Барлығы төрешілердің бағалауына да байланысты»  деді Железняков Metaratings.ru порталына берген сұхбатында.

Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада комитеті Ресейден тек екі мәнерлеп сырғанаушыға, атап айтқанда Аделия Петросян мен Петр Гуменникке Олимпиадаға қатысуға рұқсат берді. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или